Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген қамқорлықты көремін - Президент

20-01-2026, 11:43 018.kz

Қызылорда облысының әр ауылындағы тазалығы көз тартады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

- Бүгінгі басқосуға Сыр елінің азаматтары қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастар бар. Осы орайда жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өткім келеді. Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін. Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Нағи Ілиясов және Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі ретінде үнемі айтып жүретінін атап өтті.

- Сіздер осы аймақпен қатар күллі еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер. Бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық, - деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив