V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылғанын мәлім етті.
Ерлан Қарин кеше биылғы құрылтайдың 4 секциясы өз отырыстарын өткізгенін атап өтті. Соның аясында құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеп, 200-ден астам ұсыныс айтылған.
Оның сөзінше, былтырғы Бурабайдағы құрылтай өңірлерді дамытуға серпін берген.
- Былтыр аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама іске асты. Қазақстан Республикасының Өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды. Құжаттың басты міндеті – халықты негізгі инфрақұрылымдармен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Өңірлердегі негізгі мәдени-туристік іс-шаралардың тізбесі жасалды. Мұның бәрі бір жылда атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Жалпы Бурабайда айтылған бастамалар мен ұсыныстар негізінде жүйелі жұмыстар жүргізілді. Оларды тиімді іске асыру үшін құрылтай мүшелері секцияларда, жұмыс кездесулерінде түрлі талқылау өткізді, - деді Мемлекеттік кеңесші.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ