Пайызы тым жоғары: Құрылтайда кәсіпкерлікке жеңілдетілген несие жүйесін енгізу ұсынылды
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Нұртай Сабильянов Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда кәсіпкерлікке берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары екенін айтып, жаңа жеңілдетілген несие жүйесін енгізуді ұсынды.
Кеше Н. Сабильянов, О. Сәбденов, Ж. Құлекеев, Қ. Арыстанбеков, А. Күрішбаев сынды қоғам қайраткерлері Құрылтайдың 21 мүшесі экономикалық даму секциясын өткізген. Секцияда экономикаға қатысты аймақтардың дамуы бойынша бірқатар бастама көтерілді.
Депутаттың айтуынша, мұны даму институттары мен банктердің қаражатын үйлестіру арқылы жүзеге асыруға болады.
Айта кетейік, Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды. Құрылтайдағы талқылауға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері келді.