Құрылтай: Аудан әкімдіктерінің қаржылық дербестігін кеңейту ұсынылды
Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері Нұртай Сабильянов Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда аудан әкімдіктерінің мектеп жөндеуге қаражат бөле алмайтынын, бұл құзіретті облыстық бюджеттен кері қайтару керегін ұсынды.
Н. Сабильянов Мемлекет басшысының ауыл әкімдерінің құзыретін кеңейту жөнінде нақты тапсырмалар бергенін еске салды.
Яғни қазір 176 аудандық әкімдік сол аудандағы мектептерді жөндеуге, жаңа ғимараттар мен спортзалдарды салуға қаражат бөле алмайды. Сондықтан аудандарда білім саласын қаржыландыру аудандық бюджетте болғаны дұрыс, дейді депутат.
Сонымен бірге, спикер ауылдық жерлерде медицина мамандары тапшылығы мәселесін де көтерді. Мемлекет тарапынан ауылға барған жас дәрігерлерге көтерме жәрдемақы — 8,5 млн теңге. Алайда талдау нәтижесі бұл тетік барлық өңірде бірдей және толық көлемде орындалмай отырғанын көрсеткен.