Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.45 531.39 5.29

ҚР ИИДМ-де ПИК-ті жойып, басқарудың жаңа тетіктеріне өту мәселелері қаралды

25-04-2023, 09:49 Думан Кенжеғазыұлы

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті еліміздегі көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне (МИБ/ҚС)  көшіру жөніндегі кезекті кеңесті өткізді.

Жиынға Құрылыс және ТКШ істері комитетінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «Астана ЕРЦ» ЖШС, ПИК, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігі мен қалалық Әділет департаментінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында ПИК-ті ерікті түрде және мәжбүрлеп жою тәртібі жөніндегі тұщымды ақпарат пен түсіндірмелер, Бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеу, сондай-ақ ТКШ саласындағы заңда қабылданған жаңа өзгерістер түсіндірілді.

Бұл ретте осы аптада жоғарыда айтылған заңды тұлғалық негізде басқарылатын ұйымды кезең-кезеңімен  таратудың тәртібі ұсынылатынын айта кету керек. Аталған құжатпен ҚР «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив