Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында ауылдық округ мамандарымен дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

30-09-2025, 13:43 018.kz

Көкпекті ауданының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы Тассай ауылдық округі әкімінің мамандарымен арнайы кездесу өткізді. Аталған іс-шара мемлекеттік дін саясатын түсіндіру, діни тұрақтылықты сақтау және жергілікті деңгейде алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары, діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу жолдары, сондай-ақ қоғамда діни сауаттылықты арттырудың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері заң талаптарын сақтау, зайырлы мемлекет қағидаттарын нығайту және тұрғындар арасында дұрыс ақпарат тарату мәселелеріне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, мамандарға күнделікті қызмет барысында кездесуі мүмкін нақты жағдайлар бойынша мысалдар келтіріліп, ауыл тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі әрі тиімді жүргізудің әдістемелері ұсынылды. Бұл ұсыныстар жергілікті атқарушы органдардың алдын алу бағытындағы жұмысын жетілдіруге бағытталған.

Аталған кездесу Тассай ауылдық округі әкімдігі мамандарының діни тұрақтылықты сақтауға, радикалды ағымдардың алдын алуға және тұрғындармен жұмысты сапалы ұйымдастыруға деген кәсіби әлеуетін арттыруға оң ықпал етті. Мұндай ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив