Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында БҰҰ Даму бағдарламасы мен ЖАО қолдауымен семинарлар сериясы өтті

2-10-2025, 14:03 018.kz

Жақында Көкпекті ауданында БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жергілікті өзін-өзі басқару әлеуетін арттыруға және шешім қабылдаудың инклюзивті тетіктерін дамытуға арналған семинарлар сериясы өткізілді.

Бағдарлама барысында жергілікті билік алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланып, қатысушыларға басқарудың заманауи әдістері мен халықпен өзара іс-қимылды жақсартуға арналған практикалық құралдар ұсынылды.

Семинардың негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерге, жаңа Бюджет кодексінің енгізілуіне, өңірлік жоспарлауға және билік деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді үлестіру мәселелеріне назар аудару;

  • Облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі өзара іс-қимыл ерекшеліктерін зерделеу;

  • Жария сектордағы жобаларды басқару тәсілдерін практикалық түрде қарастыру.

Екі күн бойы қатысушылар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, жобаларды тиімді басқару және халықпен жұмыс істеу әдістерін талқылап, тәжірибе алмасты.

Бұл семинарлар Қазақстанның жаңа әкімшілік бірліктері – Абай және Ұлытау облыстарын қолдау мақсатында, 2024 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан БҰҰДБ өңірлік даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарламаның мақсаты – Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес қызметтерге қол жеткізудегі аумақтық айырмашылықтарды азайту, инфрақұрылымды дамыту және халықтың мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.

Семинар Көкпекті ауылының Оқушылар шығармашылық сарайында өтті. Шараға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

Семинар қорытындысында өзекті жобалар айқындалып, аудан әкімінің міндетін атқарушы Ляззат Бауыржанқызы Арашева БҰҰДБ өкілдеріне және қатысушыларға жобаларды таныстырып, қорғап шықты. Бұл іс-шара жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттыруға, жобаларды басқару мәдениетін дамытуға және аудан тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив