Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Көкпекті ауданында ауылдарды дамыту және салу схемалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

7-10-2025, 10:19 018.kz

«Абай облысы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүдделі тұлғаларды, яғни жұртшылықты және жергілікті тұрғындарды ақой, Қарамойыл, Шәріптоғай, Толағай және Мамай ауылдарын дамыту және салу схемалары (Бас жоспардың жеңілдетілген нұсқасы) жобалары бойынша ашық жиналыс форматындағы қоғамдық тыңдауларға қатысуға шақырады.

Аталған жобалардың негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қала құрылысының ұзақ мерзімді перспективаларын жоспарлау, тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және елді мекендердің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған аумақтық сәулет-жоспарлау шешімдерін айқындау болып табылады.

Қоғамдық тыңдаулар өтетін күні: 20 қазан 2025 жыл
Өтетін орны: Абай облысы, Көкпекті ауданы, Шәріптоғай, Қарамойыл, Ақой және Мамай ауылдары

Жоба материалдарымен танысу: Жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша мүмкін:
Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Қабанбай батыр көшесі, 69

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша және электрондық нысанда қабылдау үшін:
📧 e-mail: Kokpekty_kurylys@mail.ru

Тапсырыс беруші:
«Абай облысы Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Жобалық ұйым:
«ЮгГеостандарт» ЖШС

Қоғамдық тыңдаулар барлық мүдделі тараптарға ауылдарды дамыту және салу жобаларына қатысу, өз ұсыныстарын білдіру және жобалардың жергілікті халық мүддесіне сәйкестігін бағалау мүмкіндігін береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив