Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Тассай ауылында цифрлық телехабар тарату жүйесі орнатылуда

7-10-2025, 11:07 Думан Кенжеғазыұлы

Тассай ауылында «Казтелерадио» АҚ тарапынан 22 метрлік телемұнара (вышка) орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба ауыл тұрғындары үшін маңызды жаңалық болып табылады.

Жұмыс аяқталған соң округ халқы отандық 16 цифрлық теларнаны тегін тамашалай алады. Сонымен қатар, қалауы бойынша қосымша 100-ге жуық арнаны қосып көру мүмкіндігі де қарастырылған.

Бұл бастама ауылдың ақпараттық инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындарға сапалы телехабар тарату қызметін ұсынуға және заманауи ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған. Жоба жергілікті тұрғындардың мәдени, білім беру және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға үлкен үлес қосады.

Ауыл тұрғындарына телехабарларды пайдалану жеңілдіктері мен қосымша қызметтер туралы толық ақпарат «Казтелерадио» АҚ арқылы ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив