Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Бүгін Көкпектіде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

8-10-2025, 07:30 018.kz

Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары мен қонақтары!

2025 жылдың 8 қазан күні Көкпекті ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілетінін хабарлаймыз.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың түрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету, төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қарастырылмақ.

Осы мақсатта автокөлік қозғалысы мен кейбір қоғамдық орындарда уақытша шектеу шаралары енгізіледі.

Аудан тұрғындары мен қонақтардан оқу-жаттығу кезінде келесі талаптарды сақтауды сұраймыз:

  • Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау;

  • Тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындау;

  • Жаттығу барысына түсіністікпен қарау және жол берілген шектеулерге бағыну.

Оқу-жаттығу Көкпекті ауданының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабының бақылауында жүргізіліп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл шара елді мекендегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін арттыруға арналған маңызды іс-шара болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив