Cемей-19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
501.02 597.27 6.59

Қарттар күніне орай Көкпекті ауданында ардагерлер мен құрметті қарттар құрметтелді

9-10-2025, 11:23 Думан Кенжеғазыұлы

Қарттар күніне орай Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық дамуға зор үлес қосқан түрлі салалардың еңбек ардагерлері мен құрметті қарт тұрғындарды ұлықтау рәсімі өтті.

Аудан әкімінің атынан қадірлі ақсақалдарды аудан әкімінің орынбасары Аслан Танысбаев құттықтап, барша қатысушыларға мықты денсаулық, отбасылық амандық және ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар, аудан әкімінің атынан құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты шара Қ. Алтынбаев атындағы Мәдениет үйі өнерпаздарының тамаша концерттік бағдарламасымен қорытындыланып, қатысушылар жылы естеліктерге, жылы лебіздерге және көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Бұл іс-шара қарттарымызға деген құрметті көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін бағалау, сондай-ақ жас ұрпаққа ізгілік пен адалдық үлгісін насихаттау мақсатында өткізілген маңызды дәстүрлі мереке болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив