Сарапшылардан Конституция құрылысына байланысты 1500-ден астам ұсыныс түскен
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Парламент реформасына арналған жұмыс тобына Конституция құрылысына байланысты 1500-ден астам ұсыныс түскенін мәлім етті.
- Біз Парламент реформасы бойынша бес жүзден астам түрлі ұсыныс алдық. Бірақ сонымен бірге заңгерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері тарапынан жалпы конституциялық құрылыс мәселелері бойынша үш есе көп ұсыныс түсті. Бұл мәселелердің бәрі қазіргі жұмыс тобының құзыретінен тыс, бірақ өте негізді, қызығушылық тудырады және мұқият қарауды қажет етеді, - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің сөзіне қарағанда, бұл ұсыныстардың ішінде мемлекеттік билік жүйесінде өңірлер мен этномәдени бірлестіктердің өкілі болу керектігі көп айтылған.
- Әрине, бұл елемеуге болмайтын маңызды тақырып. Бұл мәселені шешуге мемлекеттің мүддесін ескере отырып, жауапкершілікпен қарау керек екені анық. Барлық жоспарланған өзгеріс бір-бірін органикалық түрде толықтыруы керек, ешқандай жағдайда өзара қайшылыққа түспеуі қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы