Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісіміне не үшін қосылғанын түсіндірді

20-01-2026, 13:14 018.kz

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ибраһим келісіміне не үшін қосылғанын түсіндірді.

- Бұл келісімнің түпкі мәнін түсіну үшін оның атауына назар аударуымыз керек. Авраам, яғни, Ибраһим дін тарихында иудаизм, христиан және ислам діндеріне ортақ пайғамбар болып есептеледі. Еліміз бүкіл адамзатты біріктіретін құндылықтарға арқа сүйеуге тиіс. Біз түрлі халықтар мен дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз. Сол себепті, осы келісімге қосылғанымыздың мән-мағынасы ерекше, бұл шешім еліміздің халықаралық беделіне оң серпін береді, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылғаны хабарланған болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив