Ұлттық құрылтай: Қазақстанда жаңа консультативтік орган құрылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда жаңадан құрылатын Халық кеңесі институтының заңдық мәртебесі қандай болатынын айтты.
— Халық Кеңесі өз мәні бойынша басқа елдердің консультативтік құрылымдарының тәжірибесін сіңірген жаңа мемлекеттік орган болады. Онда барлық этнос, ұлыстар мен аймақтар өкілдік алады. Қазақстанның Халық Кеңесі еліміздің жоғары консультативтік органы мәртебесіне ие болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы кеңес құрамын 126 адамнан асырмауды ұсынды. Этномәдени бірлестіктерден — 42, қоғамдық бірлестіктерден — 42, мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден — 42 өкіл болу керектігі де айтылды.
— Халық Кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды, ал төрағаны оның мүшелері сайлайды. Халық Кеңесі төрағасының қоғамдық негізде ротациялық негізде тағайындалған екі орынбасары, сондай-ақ хатшылықтың басшысы болады, — деді Президент.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзіМәулен Әшімбаев Президент реформаларының мән-жайын түсіндірді: елге неліктен біртұтас әрі ықпалды Парламент қажет?Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»