Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Тоқаев: ҚХА мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызды миссиялары сәтті аяқталды

20-01-2026, 13:55 018.kz

V Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай өз миссиясын аяқтағанын мәлім етті.

- Реформалардың жаңа кезеңінде Қазақстанға қоғамдық дамудың барлық мәселелері бойынша тұрақты жалпыұлттық диалог жүргізу үшін ауқымды платформа немесе трибуна қажет. Бұл платформа халқымыздың бірлігіне ықпал ететін негізгі қоғамдық-саяси бірлестіктер мен құрылымдарды қамтиды. Осыған сүйене отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи маңызды миссиялары іс жүзінде сәтті аяқталды деп санауға болады, - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған екі институттың орнын басатын жаңа құрылым керектігін атап өтті.

- Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынамын. Жаңа органның қызметінде Халық Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай функцияларының стратегиялық сабақтастығын – Қазақ мемлекеттілігі мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін дәйекті нығайтуды сақтау өте маңызды деп санаймын, - деді Президент.

Халық Кеңесі төрағасының қоғамдық негізде ротациялық негізде тағайындалған екі орынбасары, сондай-ақ хатшылықтың басшысы болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив