Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.48 534.68 5.43

Мемлекет басшысы экономика мен энергетика туралы: Кадрлық ауыс-түйіс жасауға тура келетін сияқты

20-01-2026, 14:22 018.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Үкімет құрамында кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін мәлім етті.

- Бұл жағдайда менің танымал экономистерге деген үлкен ескертпем бар. Энергетиктерге де ұқсас ескертпе бар. Кадрлық шешімдер қабылдауға тура келетін сияқты. Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – сапалы экономикалық өсім қарқынын бәсеңдетпеу. Осы мақсатпен инфляцияны төмендету бағытында жұмыс басталды. Жаңа инвестициялық цикл жарияланды, басқа да шешімдер қабылданып жатыр. Экономика мен бизнес жаңа салық ережелерінің режиміне көшіп жатыр. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар біркелкі, жанжалсыз «фискалдық транзитті» қамтамасыз етуге міндетті, - деді Мемлекет басшысы.


Президент жаңа Салық кодексін қолдану кезінде жұрттың сын-ұсыныстары мұқият зерделеніп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізілетінін атап өтті.

- Тиімді кері байланыс арналары қоғамның трансформациясында ерекше маңызға ие. Азаматтардың өтініштерімен жүйелі жұмыс істеу арқылы қоғам тынысын бақылап, халықтың нақты қажеттіліктерін білуге, талап-тілектеріне уақтылы жауап беруге болады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив