Кейбір елдерде 16 жасқа дейін әлеуметтік желіге кіру шектелген — Ұлттық құрылтай
V Ұлттық құрылтайда жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі белсенділігін реттеумен байланысты ұсыныс айтылды.
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев мұны ұлттық қауіпсіздікпен тікелей байланысты мәселе екенін айтты.
— Әлеуметтік медиа тек қарым-қатынас алаңына ғана емес, қуатты саяси құралға да айналды. Біз кейбір елдерде наразылық білдіру науқандары, жұрттың көшеде жұмылуы, саясаттағы кенет өзгерістердің онлайн-платформалар арқылы біртұтас іске қосылғанын және үйлестірілгенін көріп отырмыз. Менің ойымша, бұл мәселе егжей-тегжейлі және жан-жақты талдауды қажет етеді. Әңгіме тек технология туралы ғана емес, идеология, жастардың болашағы және сайып келгенде, біздің ұлттық қауіпсіздігіміз туралы болып отыр, — деді ол.
Сергей Пономарев Жасанды интеллект министрлігіне осы бағытта түсінікті әрі жүйелі шаралар қабылдауды ұсынды.
— Халықаралық тәжірибеде 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің, тіпті кейбір елдерде 16 жасқа дейінгі тұрғындардың әлеуметтік желіге қол жеткізуі шектелгеніне назар аударғым келеді. Бұл «тыйым салу үшін ғана тыйым салу» емес, — деді Мәжіліс депутаты.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек