Майгүл Матаева: Конституциялық нормаларды нақтылау биліктің заңдылығын арттырады
Ұлттық құрылтай аясында Парламент пен конституциялық нормаларды нақтылау мәселелері де кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысы кәсіби заңгерлер Ата заңның жекелеген баптарына қатысты ұсыныстарын білдіргенін атап өтті. Атап айтқанда, Президент өкілеттігінің сабақтастығы мен мемлекет басшысын сайлау тәртібін нақтылау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Әлихан Бөкейхан университетінің проректоры, заң ғылымдарының докторы Майгүл Матаева өз пікірімен бөлісті.
Оның айтуынша, бұл ұсыныстар парламенттік және президенттік институттар арасындағы өкілеттіктердің айқындылығын қамтамасыз етіп, биліктің заңдылығы мен сабақтастығын күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, спикер бұл қадам халықаралық конституциялық тәжірибеге толық сай келетінін және алдағы кезеңде мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен сенімділігін арттыратынын атап өтті.