Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
507.05 594.82 6.51

Сенаторлар аумақтық қорғаныс жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдардың рөлін талқылады

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Астана қаласында көшпелі отырыс өткізді. Депутаттар елорда мысалында жергілікті органдардың аумақтық қорғаныс пен әскери инфрақұрылымды дамытудағы жұмысын талқылады. Жиынға Қорғаныс министрлігінің, қалалық мәслихат пен әкімдіктің өкілдері де қатысты.

Іс-шара барысында аумақтық қорғаныс саласындағы заңнаманы іске асырудың практикалық аспектілері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ресурстық қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ жүйенің дайындығын қамтамасыз етудегі жергілікті атқарушы органдардың рөлі қаралды.

«Аумақтық қорғаныс - бұл тек әскери құрамдас бөлік емес. Бұл халықты және маңызды инфрақұрылымды қорғауды, дағдарыстарға жедел әрекет етуді және күштік құрылымдардың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылын қамтитын кешенді жүйе», - деп атап өтті Андрей Лукин.

Көшпелі отырыс аясында депутаттар аумақтық қорғаныс бригадаларының жабдықталуымен танысып, халық пен маңызды инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ дағдарыстық жағдайларға, соның ішінде елорданың әуе кеңістігін қорғауға бағытталған іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.

«Өңірлердің дайындығы, резервтердің болуы, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың пысықталған алгоритмдері және жауапкершіліктің нақты бөлінісі ерекше маңызға ие болады», - деп баса айтты Андрей Лукин.

Аумақтық қорғаныс туралы заңның қолданысқа енгізілгеніне жарты жылдан астам уақыт өткенін ескере отырып, сенаторлар жүйенің дайындығын практикалық тұрғыдан бағалау және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын пысықтау үшін әскери резервшілердің оқу-жаттығу жиынын өткізу орынды екенін білдірді.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив