Парламент жұмысы депутаттардың белсенділігіне байланысты - заңгер
Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда Президент елімізде бір палаталы Парламент құрылатынын мәлімдеді. Заңгер Айман Омарова бұл еліміздегі саяси-экономикалық реформаларды жаңа деңгейге шығаратынына сенімді.
Алқалы жиында Мемлекет басшысы еліміз енді бір палаталы Парламентке көшетінін, бұл жерде қандай да бір пікір қайшылығы жоқ, бағыт-бағдарымыз айқын, алдағы өзгерістерге қатысты ортақ мәміле бар екенін атап өтті.
- Ол 145 адамнан, 8 комитеттен құралуы мүмкін. Парламент атауын «құрылтай» сөзімен ауыстыру да қазақтың көңіліне жағатыны сөзсіз. Заңгер ретінде бір палаталы Парламент болғаннан заңдардың сапасы ақсайды деп ойламаймын. Сапа оның екі палаталы, яғни Мәжіліс пен Сенаттан құралғанына емес, депутаттардың белсенді әрі сапалы жұмыс істеуіне байланысты. Жақында Вашингтондағы АҚШ Конгресінің мәжілістері өтетін үйі Капитолийге барғанмын. Алпауыт елдің заң шығарушы органы қалай жұмыс істейтінін көрдім. Сотта өтетін жарыссөз сияқты тартысқа толы отырысына куә болдым. Депутаттар америкалық әріптестері сияқты халықтың қамын күйттеп, ой-пікірін тайсалмай айтып, жоғары жаққа жеткізе алғанда ғана халықтың өмір сүру сапасы жақсара түседі, - деді заңгер.
Айман Омарова бір палаталы Парламенттен осындай сапа күтетінін жеткізді. Сондай-ақ құрылтайда көтерген бастамалары заң ретінде қабылданып, жүзеге асып жатқанына риза.
- Менің ұсыныстарым көбіне әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға байланысты. Оның ішінде адвокаттық жүйені қайта қарау, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың жеке деректерін бұқаралық ақпарат құралдарына таратуға тыйым салу туралы ұсынысым ерекше қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстарды өте маңызды деп есептеймін, - деді ол.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМәулен Әшімбаев Президент реформаларының мән-жайын түсіндірді: елге неліктен біртұтас әрі ықпалды Парламент қажет?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»