Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

ЖИ мамандарын өңірлерге арнайы шақыру ұсынылды — Құрылтай

21-01-2026, 12:51 018.kz

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің ректоры, Ұлттық құрылтай мүшесі Лаура Қарабасова цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы кадр даярлау мәселесін көтерді.

— Жасанды интеллект — ойлау, еңбек, білім жүйесін өзгертетін өркениеттік бетбұрыс. Жоғары оқу орындары бұл процестен қалыс қалмауы үшін мықты практик мамандар керек. Алайда еңбек нарығында университеттер бизнес-сектормен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Сондықтан цифрландыру және жасанды интеллект бағытындағы білім беру бағдарламаларын қаржыландырудың тиімді тетіктерін қарастыру қажеттігі туындап отыр, — деді Лаура Қарабасова Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысында.

Оған қоса, университет ректоры постдокторантура бағдарламалары арқылы жасанды интеллект саласындағы білікті жас ғалымдарды өңірлерге мақсатты түрде тартуды ұсынды. Олар тек зерттеумен шектелмей, өңір жастарына озық технологияларды игеруге жол сілтейтін тәлімгер рөлін атқаруы тиіс.

— Бұл қадам өңірлердегі цифрлық теңсіздікті жойып, талантты жастардың жаңа технологияларды меңгеруіне жол ашады. Жастардың кәсіби қалыптасуына, мемлекеттік басқаруға, ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін еліміздегі бастамалар үміт беріп, алға жетелейді. Оған Президенттік жастар кадр резерві, кәсіпкерлік пен жұмысшы жастарды қолдау, креативті индустрияны дамыту нақты мысал бола алады, — деді Л. Қарабасова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив