Халық күткен маңызды өзгерістер нақтыланды — депутат
Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда Парламент пен жалпы саяси жүйедегі халық күткен маңызды өзгерістер нақтыланды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов айтты.
Мемлекет басшысы атап өткендей, бір палаталы Парламентке көшу туралы бастаманы халық қолдап отыр. Мұны халық арасында жүргізілген сауалнамалар және жұмыс тобының қорытындысы қуаттаған.
— Президенттің бір палаталы Парламентке көшу туралы бастамасы саяси ауқымды реформалардың заңды жалғасы десек, артық айтқанымыз емес. Одан бөлек, елімізде вице-президент лауазымы пайда болмақ. Оған кеңауқымды міндеттер жүктелетіні белгілі болды. Атап айтқанда, вице-президент халықаралық форумдар мен келіссөздерге Қазақстанның атынан, ал Парламентте президенттің атынан қатысады. Қазақстан халқы ассамблеясы мен Халық кеңесін біріктіру — маңызды қадам. Бұл екі құрылым бір-бірін толықтырмайды. Бірақ бұлардың бірлігі азаматтық өкілдіктің шешім қабылдаудағы маңызын арттырады. Заң шығару процесі ашық әрі бәсекеге қабілетті бола түседі. Цифрландыру жүйесі мен инфрақұрылымы бағытындағы жұмыс қарқыны күшейсе, деректерді өңдеу орталығы жүйесінің өткізу қабілеті артып, цифрлы қызметтерді қолдану аясы кеңейеді. Бұл өз кезегінде еліміздің экономикасына да әсер етеді, — деді депутат.
Айта кетейік, депутаттар мен партия фракцияларының жетекшілері жақында аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездесіп қайтты. Олар Президентке халықтың реформаны қолдап отырғанын жеткізген.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіМәулен Әшімбаев Президент реформаларының мән-жайын түсіндірді: елге неліктен біртұтас әрі ықпалды Парламент қажет?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек