Көз алдымызда халықаралық құқық әлсіреп келеді — Президент әлемдегі шиеленістер туралы
Халықаралық аренада сенім дағдарысы тереңдей түсті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында пікір айтты.
— Біз бұрын-соңды болмаған, түбегейлі жаңа құбылыстардың пайда болғанын көріп отырмыз және оларға біз және келесі ұрпақ бейімделуге мәжбүрміз. Басқаша айтқанда, жақында ғана адам сенгісіз немесе мүмкін еместей көрінген нәрселер енді қалыпты құбылысқа, тіпті күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналып келеді. Көз алдымызда «халықаралық құқық эрозиясы» жүріп жатыр. Халықаралық аренада сенім дағдарысы тереңдей түсті, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында.
Президент әлемде әскери шығындар рекордтық деңгейге жетіп, үш триллион долларға жуықтағанын, ал 2035 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе өсуі мүмкін екенін атап өтті.
— Күннен-күнге артқан милитаризация халықаралық қауымдастықтың әділетті әлемдік тәртіп орнатуға бағытталған күш-жігеріне нұқсан келтіруде. Осындай қиын жағдайда сыртқы саясаттың маңызы арта түседі. Ол барынша теңдестіріліп, мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қорғауға және ілгерілетуге бағытталуы қажет, — деді Мемлекет басшысы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзіҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»