Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Мемлекеттік құрылымдардың мүшелерін тағайындау тек Парламенттің келісімімен жүзеге асырылмақ

21-01-2026, 13:24 018.kz

Бүгін Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мемлекеттік құрылымдардың мүшелерін тағайындауға қатысты пікір айтты.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес, Конституциялық Соттың, Жоғары аудиторлық палатаның және Орталық сайлау комиссиясының құрамын жасақтау құзыреті Мәжіліс, Сенат және Президент арасында теңдей бөлінген. 

— Енді осы маңызды мемлекеттік құрылымдардың барлық мүшесі Парламенттің келісімімен ғана тағайындалуы қажет деген ұсыныс айтылды. Бұған қоса, Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың барлық судьяларын сайлау құзыретін жоғары өкілді орган депутаттарына беру ұсынылды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пайымынша, бұл бастамалар қазақстандық парламентаризмді дамытуда маңызды қадам болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив