Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
507.05 594.82 6.51

Президент Қазақстан тарихына арналған жаңа жеті томдық қашан дайын болатынын айтты

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бүгін, 13:55 018.kz

Қазақстанның академиялық тарихы бойынша көлемді жеті томдық шығарылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

Президент жалпы түркі өркениетін зерттеуге көп көңіл бөлініп жатқанын, осы орайда қыркүйек айында ресейлік әріптестермен және басқа елдердің өкілдерімен бірге «Алтай – түркілердің атақонысы» тақырыбында халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын мәлім етті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бес жыл бұрын «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында заманауи ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, еліміздің жаңа академиялық тарихын даярлау міндетін қойғанын айтты. 

- Жыл соңына қарай бұл ауқымды және іргелі зерттеу жұмысы аяқталып, Қазақстанның академиялық тарихы бойынша көлемді жеті томдық шығарылатын болады, - деді Президент. 

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бұл еңбек мемлекеттілігімізді нығайтуда маңызды үлес қосатынын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив