Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
507.05 594.82 6.51

Полициядағы ашықтық пен адалдық — қоғам сенімінің кепілі

Бүгін, 15:23 018.kz

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қызметтік адалдықтың берік негізі. Қарағанды облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Дархан Абдикамаловтың айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – полиция қызметінің ажырамас бөлігі және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі. Ашықтық пен адалдық қағидаттарын ұстану қоғаммен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызды шарты.

Қоғамның мемлекет пен құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Осы орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әсіресе оның қызметтік ұжым ішінде алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс айрықша маңызға ие.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Дархан Абдикамаловтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан профилактикалық шаралар қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау, заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау, сондай-ақ әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

– Полиция қызметкері үшін адалдық, әділдік және ашықтық – кәсіби қызметтің басты құндылықтары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ең алдымен қызметтік ортада тәртіп пен сенімді нығайтудан басталады. Бұл бағытта ішкі бақылау мен алдын алу тетіктері тұрақты түрде жетілдіріліп келеді. Қоғам сеніміне лайық полиция келбетін қалыптастыру – ортақ мақсат, – деп атап өтті Дархан Абдикамалов.

Сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап "Адал полицей" республикалық акциясы өткізілуде. Акция аясында ішкі істер органдары қызметкерлері мен азаматтар тарапынан заң талаптарының бұзылуына жол бермеуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат материалдарын тарату бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек құқықтық тетіктермен ғана шектелмейді. Бұл бағытта қызметкерлердің құқықтық санасы мен адамгершілік ұстанымдары шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты жеке құраммен тұрақты негізде түсіндіру кездесулері, профилактикалық әңгімелер және қызметтік тәртіп пен кәсіби әдеп мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

– Әрбір қызметкер заң талаптарын бұлжытпай орындап қана қоймай, кез келген теріс көріністерге принципті түрде қарсы тұруы тиіс, – деп түйіндеді Дархан Абдикамалов.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдаланудың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Бұл ретте ашықтықты қамтамасыз етуге, халықпен кері байланысты нығайтуға және ішкі бақылау тетіктерін күшейтуге ерекше назар аударылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жеке құрамның әрбір өкіліне ортақ міндет. Тек бірлескен әрі табанды жұмыс нәтижесінде ғана азаматтардың сеніміне лайық, заң мен құқықтық тәртіптің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін кәсіби әрі адал полиция қалыптастыруға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив