Cемей-26°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
506.7 593.14 6.53

Абай облысына рекордтық деңгейде инвестиция тартылуда

Кеше, 08:32 Думан Кенжеғазыұлы

«Әріптеспен әңгіме» жобасының кезекті қонағы – Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков болды. Жобаның авторы Жарқын Түсіпбекұлы өңірдің кәсіпкерлік әлеуеті, инвестициялық ахуалы және алдағы даму жоспарлары жөнінде мазмұнды сұхбат жүргізді.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдау және экономиканы әртараптандыруға бағытталған тапсырмаларының өңірде қалай жүзеге асып жатқаны кеңінен сөз болды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз ісін өркендетіп отырған кәсіпкерлердің нақты жобалары мен олардың әлеуметтік-экономикалық әсері талқыланды.

Айбек Рахымбеков өңірге тартылып жатқан инвестиция көлемінің рекордтық деңгейге жеткенін атап өтіп, өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм және өңдеу өнеркәсібі бағыттарында іске асырылып жатқан ірі жобаларға тоқталды. Сондай-ақ, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Сұхбатта шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері, индустриялық аймақтардың әлеуеті, экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды дамыту мәселелері де қамтылды.

Сұхбаттың толық нұсқасын 018.KZ – ABAI AQPARAT YouTube арнасынан тамашалауға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив