Cемей-23°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
506.7 593.14 6.53

ҚР-да көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба әзірленуде — Энергетика министрлігі

Бүгін, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және бекіту қажеттігі туралы айтқан тапсырмасын ведомство орындауға кіріскенін баяндады.

Министрдің сөзінше бұл жоспарға шамамен 7,6 ГВт көмір генерациялау жобалары енгізілетін болады. Экологиялық заңнама талаптарын сақтай отырып, «таза көмір» технологиялар негізіндегі жаңа көмір генерациясының жобаларына ерекше назар аударылады. 

Жалпы қуаты 960 МВт болатын Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы 3 жылу электр орталықтары жобаларының аяқталу мерзімідері өзгермейді және олардың жүзеге асырылуы Министрліктің толық бақылауында. Әрбір жоба көмір және газ генерациясын дамыту жөніндегі әзірленіп жатқан ұлттық жобада егжей-тегжейлі сипатталатын және тіркелетін болады. Бұдан бөлек, 2026 жыл Мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып белгіленгенін, осы салада бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру күтілуде.

«Жоғарыда айтылғандардың негізінде Министрлік деректерді өңдеу орталықтарының жоғары энергия сыйымдылығын ескере отырып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде қажет болған жағдайда ұлғайту жағына жаңа қуаттарды енгізу жөніндегі жоспарларды қайта қаралатын болады. Президент жаңа кен орындарын іздеу есебінен табиғи газдың әлеуетін күшейтуді тапсырды. Газ саласының ұзақмерзімді ресурстық базасын нығайту және елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен геологиялық барлау жұмыстарының кешенді бағдарламасын жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта шамамен 515 млрд текше метр газды алдын ала ресурстық бағалаумен жер қойнауының 14 учаскесінде жұмыстар жүргізілуде», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Орта мерзімді перспективада геологиялық барлау портфелін газдың жиынтық ресурстық бағасы шамамен 1,7 трлн текше метр болатын 30 учаскеге дейін кеңейту көзделеді. Бұл өндірісті ұлғайту және болжамды ішкі сұранысты жабу үшін тұрақты негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге инвестициялық қызметті жандандыру және геологиялық тәуекелдерді бөлу мақсатында жер қойнауының 50-ге жуық учаскесін электрондық аукциондарға шығару жоспарлануда. Осы учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру «QazaqGaz», «Самұрық-Қазына» және инвесторлардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін болады. Еліміздің су-энергетикалық ресурстары картасын әзірлеу мәселесі бойынша жұмыстар Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында басталды. Министрлік елдің гидроэнергетикалық әлеуетінің бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаға интеграциялау арқылы бастады.

Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіріп, оңтайлы жобалық шешімдерді қалыптастыруға, болашақ стансалардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Құрылтайда авиаотын бағасы көрші елдердегі әуежайлармен салыстырғанда тым қымбат әрі бәсекеге қабілетсіз екені айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша авиахабтарды дамыту контексінде «әр ұшаққа» авиаотын тоннасының құны 1200-ден $940-қа дейін төмендетілді, одан әрі нысаналы төмендеуі тоннасына – $890. Бұл отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға және «Air Atlanta», «Hungary Airlines», «One Air» сияқты халықаралық авиакомпаниялардың рейстер санын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмалары Министрліктің ерекше бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив