Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
506.7 593.14 6.53

Жаңа теміржол желілерінің құрылысы осы жылы аяқталады

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл жаңа теміржол желілерінің құрылысы аяқталады, ал Қызылорда – Жезқазған автожолындағы қозғалыс 2026 жылдың соңына дейін ашылады. Ұлттық құрылтайда берілген Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде көлік инфрақұрылымын дамыту туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Мининстрдің сөзінше теміржол инфрақұрылымы ауқымды дамуда. Бүгінгі таңда Қызылжар – Мойынты, Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол құрылысы жалғасуда. Алтынкөл – Жетіген, Жезқазған – Сексеуіл учаскелер жаңартылуда. Нысандардың құрылысы биыл бітеді.

Сонымен қатар вокзалдарды реконструкциялау жұмыстары жалғасатын болады. Автожолдар бойынша барлық ірі жобаларды қаржыландыру халықаралық қаржы ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. 

Қызылорда – Жезқазған жобасы. Қалған 208 шақырым учаскеде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылы құрылысы аяқталады.

«Қызылорда – Ақтөбе бойынша биыл төрт жолақты автомобиль жолының құрылысын бастаймыз. Бейнеу – Сексеуіл жобасының дайындық жұмыстары басталды. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Қарағанды – Жезқазған және Сарыағашты айналып өту жолы бойынша да техникалық-экономикалық негіздеме бар, биыл екінші жартыжылдықта құрылысқа кірісеміз. Аталған жобалар және халықаралық стандарттарға сәйкес автомобиль жолдарын жаңғырту мәселелері бойынша үш жылдық жоспарда бар, жұмыстар өткізіліп жатыр. Авиация бойынша, 2025 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы мақұлдаған үш жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар басталды», — деп атап өтті министр.

Министрдің сөзінше биыл жаңа халықаралық авиамаршруттарды қайта бастау және ашу жоспарда бар. Сондай-ақ Вена, Рим, Шанхай және тағы басқа бағыттар бойынша рейстер ашылады.

Авиатранзитті ұлғайту үшін авиаотындың бағасын азайту шаралары жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаз-Аэро барлық әуежайларда қолжетімді.

«Қазақстандық әуежайларға жүк авиатасымалдаушыларды тарту үшін ірі шетелдік авиакомпаниялармен жұмыс жүргізілуде. Олар, FedEx (АҚШ), UPS (АҚШ), Cargolux (Люксембург), DHL (Германия), Lufthansa Cargo (Германия). Жалпы бұл салада көрсеткіштер оң динамикасын көрсетіп отыр: авиа жүк өндеуі өсіп жатыр. Өткен жылы жүк өндеуі 173 мың тоннаға жетті, осы аймақтағы ең үлкен көрсеткіш. Бұл бағытта жұмысты күшейтеміз», — деді атап өтті министр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив