Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
506.7 593.14 6.53

Сенатта ЕАЭО-дан шығарылатын тауарлардың шығу тегі туралы заң таныстырылды

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттарына «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң таныстырылды.

Құжат ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды шығару кезінде олардың шығу тегін анықтаудың, куәландырудың және растаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру мақсатында әзірленген. Ұсынылып отырған Келісім Одаққа мүше мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан аумағынан шығатын өнімдерге қатысты тыйымдар мен шектеулер белгілеген тауарларға тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының қолданылуын тиімді бақылау үшін құқықтық негіз жасайды.

Заңда Еуразиялық экономикалық комиссия бекітетін арнайы ережелерге сәйкес растау талап етілетін жағдайларда, шығарылатын тауарлардың шығу тегін анықтау қарастырылған. Сондай-ақ, Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қолданылатын тарифтік емес реттеудің біржақты шараларының сақталуын бақылауға және реэкспорттың «сұр» схемаларын пайдалануды болдырмауға бағытталған.

Сенаторлар Келісімді ратификациялау әлеуметтік маңызы бар тауарларды заңсыз шығару қаупін азайтуға, сыртқы сауда операцияларының ашықтығын арттыруға және ішкі нарықты қорғауды күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив