Cемей-22°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
505.71 591.43 6.65

Назарбаев Университеті Қазақстанның атом энергетикасын ғылыми сүйемелдеуге дайын

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 21 қаңтарда Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Назарбаев Университетінің басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді.

Іс-шара аясында Университеттің ғылыми инфрақұрылымы, оның ішінде импульстік иондық үдеткіш, электрондық микроскопия, нанофабрикация, озық робототехника және мехатроника, сондай-ақ энергетикалық және ғарыштық инженерия бағыттарындағы зертханалар таныстырылды.

Агенттік басшылығына Университеттің материалтану, үдеткіш және радиациялық технологиялар салаларындағы заманауи зерттеу мүмкіндіктері көрсетілді.

Кездесу барысында Назарбаев Университетінің ғылыми әлеуетін Қазақстанның атом саласын дамытуға интеграциялау перспективаларына, қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыруға және жоғары білікті кадрлар даярлауға ерекше назар аударылды.

Назарбаев Университеті басшылығымен өткен кездесуде ынтымақтастықтың басым бағыттары, соның ішінде Университеттің атом энергетикасы жобаларын ғылыми-техникалық сүйемелдеуге қатысуы, ядролық және радиациялық технологияларды, сондай-ақ материалтану саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Агенттік төрағасы Университеттің ғылыми құзыреттерінің жоғары деңгейін атап өтіп, атом саласының мүддесі үшін қолданбалы ғылыми міндеттерді іске асыруда оның зерттеу инфрақұрылымын пайдаланудың орынды екенін атап көрсетті.

Өткізілген кездесу Қазақстан Республикасының ғылымды, технологияларды және атом саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асыру аясында Атом энергиясы жөніндегі агенттік пен Назарбаев Университеті арасындағы жүйелі өзара іс-қимылды қалыптастырудағы маңызды кезең болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив