Үкімет 11 мың шақырым жолды жаңғыртып, әуежайлардың өткізу қабілетін 40 млн жолаушыға дейін арттырады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Бұл ретте транзиттік әлеуеттің серпінді дамуын тежейтін бірқатар факторлар белгіленген. Солардың бірі теміржол инфрақұрылымдарының тозуының жоғары деңгейі болып қалып отыр. Осыған байланысты магистральдық теміржол желісін жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру Үкіметтің тұрақты бақылауында.
Сондай-ақ авиация саласын, оның ішінде инфрақұрылымды қоса алғанда, дамытуға назар аударылды.
Сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша авиаотынның нарықтық бағасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасалды. Нәтижесінде авиациялық отынның бағасы $1,2 мыңнан шамамен $950-ге дейін төмендеді. Бұл шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстанның әуе кеңістігінің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.