Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
447.8 516.76 5.3

Үкіметте әлеуметтік саланы дамыту мәселелері қаралды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының денсаулық сақтау, оқу-ағарту, туризм және спорт салалары жөнінде берілген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, туризм және спорт министрі  Ербол Мырзабосыновтың есептері тыңдалды.

Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, азаматтарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту және туризмнің ел экономикасындағы үлесін ұлғайту мәселелеріне тоқталды.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарға кешенді талдау жүргізу, оларды сапалы әрі уақтылы пайдалануға беру қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив