Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
447.8 516.76 5.3

Қазақстан мен Лихтенштейн екіжақты ынтымақтастықты дамытуда

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Лихтенштейн Князьдігіне жұмыс сапарымен барды.

Лихтенштейн Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер, қоршаған орта және мәдениет министрі Сабине Монаунимен кездесуде тараптар екіжақты саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің әлеуетін атап өтіп, басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды сындарлы негізде одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.

Қазақстандық дипломат сондай-ақ Лихтенштейннің Сыртқы істер басқармасының директоры Мартин Фрикпен келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы институционалдық өзара іс-қимылды нығайту жолдарын, екіжақты шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі және негізгі өңірлік алаңдардағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және өзара мүддеге сай ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив