Cемей-20°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
490.58 584.77 6.34

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында бірқатар жаңа жоба жүзеге асырылады

26-04-2023, 16:59 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, өңірлер әкімдіктері, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» холдингтері және басқа да ұйымдар басшыларының қатысуымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

Өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашу арқылы жаңа жобаларды іске асыру, машина жасауда локализациялауды кеңейту және қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейін 78%-дан 89%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін 24 кәріздік тазарту құрылысын салу жоспарлары қарастырылды.

Сонымен қатар «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметінің мәселелері, «KEGOC» АҚ акцияларының бір бөлігін SPO арқылы бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ 10 коммуналдық меншік ұйымын Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарынан алып тастау мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив