Е. Жамаубаев көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды өзектендіру барысы туралы кеңес өткізді
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кеңес өткізіп, онда 2021-2023 жылдарға арналған көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын өзектендіру барысын тыңдады.
Кешенді жоспардың әзірленген жобасы 64 тармақтан тұрады.
Жобада салықтық және кедендік әкімшілендіру, бюджетті бөлу, тиімді бәсекелестік және заңсыз бизнеске қарсы іс-қимыл салалары бойынша жүйелі шаралар көзделген.
Мұнай және мұнай өнімдері айналымы, көлік, сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, криптоактивтер және басқа да салаларда жедел шаралар бекітілген.
Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға Кешенді жоспар жобасын келісуді және 2023-2025 жылдарға арналған көрсеткіштерді есептеу әдістемесін қамтамасыз етуді тапсырды.
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі жұмыс экономиканы дамытудың негізгі факторы екенін атап өтті.