Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

2022 жылы Қазақстанда 906 мың тонна арматура өндірілді

28-04-2023, 08:28 Думан Кенжеғазыұлы

Арматура өндірісін жолға қойған жаңа отандық кәсіпорын импорт үлесін 47%-ға азайтуға мүмкіндік береді.

«Тараз арматура зауыты» ЖШС Жамбыл облысында еуропалық сапаға сай арматура өндірісін іске қосты. Зауыт толық қуатына шыққан бойда жылына 350 мың тонна өнім шығаруды көздеп отыр.

Кәсіпорында А-500 санатына сәйкес жоғары сапалы арматураны дайындауға қауқарлы тың технологияға негізделген автоматтандырылған илеу желісі іске қосылып, өндіріс көрсеткіштері жақсарып келеді. Осы арқылы импортты алмастырып, шетелге экспорт үлесін арттыру жоспарланған. Жаңа өндірістің ашылуы қосымша 90 адамды жұмыспен қамтып, отандық құрылыс материалдары нарығында жергілікті үлестің көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді.

Бұл жоба ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылғанын айта кеткен орынды. Ведомство отандық металлургиялық кәсіпорындарды қара, түсті металдардың сынықтары және қалдықтарымен толыққанды қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырып келеді.

Осы ретте кейінгі 3 жылда елімізде арматура өндірісінде оң динамика байқалып келе жатқанын айта кету керек. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 900 мың тоннадан артық өнім өндіріліп, оның ішінде экспортқа 220 мың тоннаға жуық арматура жіберілген.

Сонымен бірге елімізге 700 мың тоннаға жуық өнім әкелініпті. Осыны ескере отырып, «Тараз арматура зауыты» ЖШС-нің өндірістік мүмкіндіктері алдағы уақытта импорт көлемін 47%-ға азайтуға қолғабыс етеді деп күтіліп отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив