Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мәжілісте «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

28-04-2023, 15:37 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті және Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобы «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының негізгі тәсілдерін таныстырып, «бұл заң жобаларын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының - ұжымдық жұмысы, оған барлық мүдделі тараптар, оның ішінде сарапшы-заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері енгізілді» деп атап өтті. 

Сондай-ақ, заң жобаларының негізгі новеллалары қоғамдық бақылау институтын дамытуға және қолдауға бағытталатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Азаматтық Альянсының басшысы Бану Нұрғазиева және Қазақстандағы Парламентаризмді дамыту қоры басшысы Зәуреш Батталова заң жобасының маңыздылығын және оны Жұмыс тобы шеңберінде егжей-тегжейлі пысықталуын атап өтті.​

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив