Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Тауар позициялары бойынша өндіріс шарттары мақұлданды

28-04-2023, 16:51 Думан Кенжеғазыұлы

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында 38 тауар позициясына қатысты өндіріс шарттары мақұлданды.

Оның ішінде арнайы машина құрастыру саласының тауарлары, медициналық бұйымдар және мұнай-газ саласына арналған машина өндірісіндегі жекелеген тауарлардың түрлері қамтылған. Белгіленген шарттар бұлжытпай сақталған жағдайда жоғарыдағы өнім түрлері ЕАЭО-тың аумағында өндірілген болып саналады. Сондай-ақ одаққа мүше елдердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу үшін СТ-1 сертификатына сай 174 тауардың өндірілген елін растау тәртібі мақұлданғанын айта кету керек.

Қазақстанда Еуразиялық тізімге жаңа тауарларды енгізу арқылы ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алу нарығына жекелеген өнеркәсіп тауарларын шығару бойынша жұмысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүзеге асырып келеді.

Қабылданған шешімдерді ескере отырып, бұл ереже өнеркәсіптің 14 саласы бойынша 407 тауардың атауын, сондай-ақ 276 тауар позициясына байланысты өндіріс шарттарын қамтиды.

Сөз орайы келгенде айта кетейік, одаққа мүше мемлекеттер ЕАЭО аясында шектеулер мен тыйым салу тәртібін белгілеу кезінде өз тауар өндірушілерінің күшіне енген ережелерді ұстанатынын қадағалап, шығарылатын өнімдерді Еуразиялық тізімге енгізуге атсалысу қажет.

Тұтастай алғанда, жоғарыда айтылған тізімге отандық тауарларды енгізу ЕЭК-мен өнеркәсіптік тауарларды қалыптастырып, жүргізудің Еуразиялық тізім мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі ережелерінде айқындалған. Осы тетікке сәйкес қазақстандық өндіруші арнайы ұйымдардан сараптама актісін алып, қажетті тауарды Еуразиялық тізімге енгізу үшін ҚР ИИДМ-не хабарласуға тиіс. Өз кезегінде министрлік өтінімді ЕЭК жіберіп, құжаттар барлық талапқа сай болған жағдайда өндіруші мен оның тауары аталған тізімге енгізіледі.

Қазір бұл тізімнің арасынан «Қайнар-АКБ» ЖШС, Troya компаниясы, «Өскемен арматура зауыты» АҚ, ZTOWN Development ЖШС, «Ақтөбрентген» АҚ сынды қазақстандық компаниялар орын алып отыр.  Осы қолға алынған амал еліміздегі тауар өндірушілердің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталғанын атап өткен жөн.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив