Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Мәулен Әшімбаев дәстүрлі сенбілікке қатысты

29-04-2023, 12:38 Думан Кенжеғазыұлы

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қаланың тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.

Сенбілікке Парламент Сенатының депутаттары мен Аппаратының қызметкерлері, Жас сарапшылар клубының мүшелері, Талдау мектебінің түлектері, Қазақстан Бочча федерациясының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен экология саласындағы белсенді жандар қатысты.

Олар Ұлы дала даңғылының бойындағы тұрғын алабының маңына қарағай мен қайың, балқарағай мен шаған және қарақаттың жүздеген көшетін отырғызды.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив