Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

LOGO БАҒДАРЛАМАСЫ – СТУДЕНТТЕР ҮШІН БІРЕГЕЙ МҮМКІНДІК

1-02-2023, 11:45 SHAKARIM UNIVERSITY

   Бүгін Шәкәрім университетінде Landwirtschaft und Oekologisches Gleichgewicht mit Osteuropa / Шығыс Еуропамен Ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік өкілдерімен онлайн кездесу өтті.  

   Кездесу барысында Logo e.v. өкілі Нұриддин Тоиров Германияның фермерлік шаруашылықтарында білім алушылардың өндірістік практикасын ұйымдастыру, тәжірибеден өту, конкурстық іріктеуге қатысты бірқатар мәселелерді айтты. Сондай-ақ, студенттерді практикаға қабылдау шарттары бойынша бірқатар жаңа талаптар енгізілгендігіне тоқталды. Егер бұрын фермерлер тек неміс тілін білетін білім алушыларды қабылдауға дайын болса, енді ағылшын тілін білетін студенттерге де тәжірибе алуға мүмкінфдік бар.

   Сонымен қатар практика мерзімдерін реттеу мүмкіндігі, есеп беру дәптерлерін жүргізу нұсқалары және студенттердің зерттеу жұмыстарына қатысты тақырыптарды анықтау барысы түсіндірілді.

Тәжірибеден өту кезеңі 6 айға есептелген. Білім алушы тәжірибеден сәтті өтсе, мерзім уақыты 12 айға дейін ұзартылады.

Алдағы тәжірибелер:

  • 2023 жылдың сәуір айының соңынан 2023 жылдың қазан айының соңына дейін;


  • 2023 жылдың тамыз айының соңынан 2024 жылдың ақпан айының соңына дейін;


  • 2023 жылдың қазан айының соңынан 2024 жылдың сәуір айының соңына дейін.


   Өндірістік практика Германияның агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының жұмысына қатысуды көздейді. Атап айтқанда, отбасылық (фермерлік) шаруашылықтар, ірі акционерлік қоғамдар, шаруашылық жүргізудің экологиялық және дәстүрлі түріндегі кәсіпорындар бар. Студенттер жануарлар мен өсімдіктермен практикалық тәжірибе алады, теориялық білімдерін тереңдетеді, неміс тілін үйреніп, неміс халқының мәдениетімен танысады. Тәжірибе бағдарламаларында семинарлар мен экскурсиялар ұйымдастыру қарастырылған.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив