Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
479.02 551.11 5.82

Абай облысында тасқын қаупі бар жолдар бақылауға алынды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Республикалық маңызы бар жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты назарда.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының мамандары күре жолдардың бойындағы қауіпті учаскелерді бақылауға алды.

Өңірдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 176 шақырымды құрайды. Оның 1 948 шақырымы «ҚАЖсервис» ЖШС филиалының қарауында болса, қалған 228 шақырым жол учаскелері мердігер ұйымдарға тиесілі.

Филиал теңгеріміндегі жолдарда 85 көпір мен 1 336 су өткізгіш құбыр бар. Қазіргі уақытта олардың барлығы тексеріліп, тасқын кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қауіпті учаскелер мен дайындық

Мамандар 17 учаскеде су тасқыны қаупі барын анықтаған. Оның ішінде 11 су өткізгіш құбырда су деңгейінің көтерілу қаупі жоғары.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 7 апаттық бригада құрылып, 71 арнайы техника дайындыққа келтірілді. Олардың қатарында 20 самосвал, 15 автогрейдер, 22 трактор, 7 тиегіш және 7 арнайы техника бар.

Материал қоры жеткілікті

Қазіргі уақытта қажетті материалдар толық дайындалған. Атап айтқанда, 2 000 текше метр құм, 1 439 текше метр тас, 24 000 қап және 1 900 текше метр құм-қиыршық тас қоспасы әзір.

Сондай-ақ Семей–Қайнар, Таскескен–Бақты және Тарбағатай–Ақсуат бағыттарындағы қауіпті учаскелерге қиыршық тас жеткізілді.

Қосымша 150 шанышқы, 200 күрек, 100 жол конусы, 100 сигнал бағанасы, 50 резеңке етік және 8 мотопомпа дайындалған.

Тәулік бойы бақылау

Су тасқыны қаупі бар аймақтардағы 112 су өткізгіш құбыр толық тазартылды. Жалпы өңірде 1 336 құбыр мен 85 көпір бар.

Қазіргі таңда «ҚАЖсервис» филиалының 308 қызметкері тәулік бойы жұмыс істеуде. 7 жол пайдалану бөлімі мен 7 жол пайдалану пункті күшейтілген режимге көшкен.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив