Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру басталады

18-03-2026, 15:50 018.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылдың наурыз–маусымында және қыркүйек–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне, ҚР Қарулы Күштеріне, ҚР ІІМ Ұлттық ұланына, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне, ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақыру үшін мерзімін ұзартуға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар шақырылады.

Шақыру қағазы тұрғылықты жері, жұмыс немесе оқу орны бойынша қол қою арқылы қолма-қол, сондай-ақ eGov.kz порталы арқылы немесе 1414 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде беріледі. 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап электрондық хабарламалар қағаз түріндегі хабарламаларға теңестіріледі.

Шақыртуға (оның ішінде электрондық түрдегі) дәлелді себепсіз келмеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив