Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы құжат дайындалды

1-12-2023, 14:58 Сабина Әлібек

ҚР Қарулы күштерінің Бас штабы белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығаруға байланысты Үкімет қаулылары мен Президент Жарлығының жобаларын дайындады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының жобасы туралы» Үкімет қаулыларының жобалары; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру» және Президенттің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығының жобалары «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылды.

Нормативтік құқықтық актілер «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңдарға сәйкес әзірленді. 

НҚА жобаларының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғы жылдың 14 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14822032; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14822078; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14822046 сілтемелер бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив