Атымтай азаматтар өңір өрендеріне қолдау көрсетуде
Әлихан Бөкейхан Университетінде Абай облысы азаматтарының өңір өрендеріне қолдау көрсету акциясы жалғасуда
Кешеуниверситетте Ақсуат ауданының тумасы, Университет түлегі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кәсіпкер әрі қоғам қайраткері Қанат Назарұлы Ильясов аудан әкімдігінің атынан университетте білім алып жатқан Ақсуат өңірінің өрендеріне 100 мың теңге көлемінде қолдау сыйақыларын табыстады.
Қанат Назарұлының қолынан Университеттің үш бірдей факультетінде білім алып жатқан 16 студент әрқайсысы 100 мың теңгеден сыйақы алды.
Берілген сыйақы — оқу үлгерімі озат, көпбалалы отбасыдан шыққан, университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласып, өз тұлғасын жақсы қырынан таныта білген студенттерге аудан басшылығы мен ел азаматтары атынан көрсетілген стимулдық қолдау түрі.
Мұндай марапаттар студенттердің күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін өтеп, алаңсыз білім алуына, өз уақыттарын тұлғалық әрі кәсіби тұрғыдан дамытуға жұмсауына септігін тигізетіні анық.
Бұған дейін дәл осындай бір реттік сыйақылар Университет студенттеріне Көкпекті және Жарма аудандарының әкімдіктері атынан табысталғанын естеріңізге саламыз.
Аудан атынан сыйақыларды табыстаған Қанат Назарұлы студенттерді қолдау шаралары мұнымен аяқталмайтынын тілге тие етті.
Кәсіпкер оқуын сәтті тәмамдаған аудан тумалары өз ауылдарына қайтқан жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мен мекеме басшылары түлектерді жұмыспен қамту мәселелерін де оңтайлы шешетіндігін жеткізді.
Бөкейхан Университетінің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы білім жолындағы өрендерге қолдау білдірген Ақсуат ауданының әкімдігі мен ауданның атымтай азаматтарына алғысын білдіреді.
#ӘлиханБөкейханУниверситеті #ABU #ABUSemey #BokeikhanUniversity #AlikhanBokeikhanUniversity #Semey #Semsk #Fcity #ГородF #ABUMediaTeam #AbaiNews #AbaiAqparat #AbaiOblysy