Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Астанада «Субконтракт биржасы – 2023» өтеді

2-05-2023, 13:26 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 11 мамырда Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы аясында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының ұйымдастыруымен «Субконтракт биржасы – 2023» іс-шарасы өтеді.

Шараға ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құраушы кәсіпорындар, отандық тауар өндірушілер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысады.

Биржаны өткізудің мақсаты - кооперациялық байланыстарды жолға қою, жаңа серіктестер мен жаңа нарықтарды іздеу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және B2B байланыстарын қалыптастыру үшін тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында тікелей келіссөздер ұйымдастыру.

Аталмыш іс-шараға қатысу отандық тауар өндірушілерге болашақ серіктестермен барынша тиімді байланыс орнатуға, өзара келіссөздер жүргізуге, қосымша тапсырыстар жасасуға және өндіріс тиімділігін арттыру үшін ірі тапсырыс берушілермен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні биржаға «Казцинк» ЖШС, «ERG Еуразиялық компаниялар тобы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «KAZ Minerals» компаниялар тобы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, North Caspian Operating Company, Тенгизшефройл, Карачаганак Петролиум Оперейтинг, сонымен қатар отандық тауар өндірушілер қатысатындықтарын растады.

Сондай-ақ, ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен өндірушілер арасында меморандумдар мен шарттарға қол қою жоспарлануда.

«Субконтракт биржасы – 2023» Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, EXPO, 2 қабат, 4 кеңсе залы мекенжайы бойынша өтеді.

Қатысушыларды тіркеу  сағат 14.00-ден басталып, негізгі іс-шараның басталуы сағат 14.30-ға жоспарланған.

Барлық сұрақтар бойынша +7(7172)793390 (ішкі. 1079 Жансая), 8-702-490-33-16; +7(7172)793394 (вн.4106 Әсем) хабарласуға болады.

Шараға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: 

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc3e5lcQY1cWghVulOajNCpo3VGxyaxVwpw3M4VVuVlKbTn9A/viewform?usp=sharing.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив