Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Сенат халықаралық келісімдер топтамасын қарайды

6-04-2026, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті. Депутаттар 9 сәуірде өтетін Палата отырысының күн тәртібін айқындады.

Бейсенбі күні өтетін Палатаның алдағы отырысында сенаторлар «Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңын қарайды. Ынтымақтастық экологиялық таза сутегі мен аммиакты бірлесіп өндіруді және сатуды, сондай-ақ елдер арасында жаңартылатын энергияны үздіксіз беру үшін бірыңғай техникалық және әкімшілік ережелерді әзірлеуді көздейді.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы болмақ. Келісім радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу, талдау және болжау арқылы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға және ядролық әрі радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауындағы міндеттерге сәйкес Сенаттың жұмыс жоспарын талқылады және Мәжіліс бұған дейін қабылдаған заңдарды тұрақты комитеттер арасында бөліп берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив