Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
460.37 531.87 5.82

Үстел теннисінің шеберлері Ұлттық мектеп лигасында II орын иеленді

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семейлік зияткерлер Ұлттық мектеп лигасы аясында өткен үстел теннисінен республикалық жарыста жүлделі II орын иеленді. Елордада ұйымдастырылған спорттық додаға еліміздің 17 өңірінен 9-11 сынып оқушылары қатысты. 

Абай облысының намысын қорғаған Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ең алдымен мектепшілік, қалалық және облыстық кезеңдерден сүрінбей өтіп, республикалық сайысқа жолдама алған.

9-10 сынып оқушыларынан жасақталған команда сапында Арай Молдағалиева, Ильяс Искаков және Нұрали Нұрғазинов мықты ойын өрнегін көрсетті. Семейдегі NIS мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әрі команда тренері Ерлан Жакупов жарыстың тартысты өткені соншалық командалар арасындағы ұпай айырмашылығының аз болғанын атап өтті.

- Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Басқа өңірлерден келген командалар өте мықты дайындықпен келген. Оладың қатарында үстел теннисінен спорт шеберлігіне үміткер оқушылар да болды. Біздің спортшылар қалалық және облыстық кезеңдерді сәтті өтіп, республикалық додада Абай облысының намысын абыроймен қорғады. Мұндай жетістік – олардың табандылығы мен жүйелі еңбегінің айқын дәлелі, – деді команда жетекшісі Ерлан Жакупов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив