Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Еңбек министрлігі жеке ортез жасатуға өтініш беру тәртібін түсіндіреді

Бүгін, 14:22

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеке протездік-ортопедиялық көмекке қолжетімділікті арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыруда. Алматыдағы Министрлікке қарасты Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының базасында жеке ортездерді жобалау және жасау зертханасы жұмыс істейді. Жоба аясында медициналық көрсетілімдер болған жағдайда балаларға ортездер тегін дайындалады. Бұл көмекті алу шарттары туралы Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары ақпарат ала алады.

Ортез – дененің белгілі бір бөлігін ұстап тұруға, бекітуге немесе дұрыс қалыпқа келтіруге арналған ортопедиялық бұйым. Оны қолдану қажеттілігі мен қандай үлгіде жасалатынын мамандар науқастың денсаулық жағдайына, дене құрылысының ерекшеліктеріне және қимыл-қозғалыс мүмкіндіктеріне қарай анықтайды.

Алғаш рет жүгіну үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі kazto.kz сайтындағы кері байланыс нысанын толтырып, байланыс деректерін қалдыруы керек. Өтініште жеке ортез жасату мәселесі бойынша жүгініп отырғанын көрсету қажет. Сондай-ақ пациенттермен жұмыс жөніндегі менеджерге немесе зертхана меңгерушісіне тікелей хабарласуға болады.

Орталық мамандары науқасқа қандай көмек қажет екенін анықтап, жобаға қатысу талаптарын түсіндіреді. Сондай-ақ алдағы тексеру жұмыстарын келіседі. Алдын ала қарау үшін медициналық қорытындыларды, ауруханадан берілген үзінді көшірмелерді және ортез қолдануға қатысты ұсынымдарды көрсетулері қажет. Ал дәрігердің жолдамасы, дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы және абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасы керектігі нақты жағдайға және жобаның талаптарына сәйкес анықталады.

Зертхана тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен ересектерге ортез жасау бойынша көмек көрсетеді. Нақты бұйымды жасау мүмкіндігі мен оны алу шарттары Орталыққа жүгінген кезде анықталады. Ересектердің жобаға қатысу тәртібін бөлек нақтылау қажет.

Ортез  жасау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен науқас қабылданып, оның қимыл-қозғалыс мүмкіндіктері бағаланады. Одан кейін 3D-сканерлеу жүргізіліп, компьютерлік модель жасалады. Осы цифрлық модель негізінде мамандар науқасқа жеке ортез дайындайды. Бұйымды киіп көреді, қажет болса, түзетулер енгізеді. Соңында оны дұрыс пайдалану тәртібін түсіндіреді. Бұл жұмысқа ортопед дәрігері, ортез жасаушы маман және оңалту мамандары қатысады.

Бастапқы кезеңде табанға, тобық және тізе буындарына, сондай-ақ қол мен аяққа арналған ортездер жасау көзделген. Ортезді дайындау мерзімі науқасты тексеріп, бұйымның нақты үлгісі таңдалғаннан кейін белгіленеді. Бұйымның күрделілігіне, қажетті материалдар мен бөлшектердің қолжетімділігіне, сондай-ақ оны бірнеше рет киіп көру және сәйкестендіру қажеттілігіне байланысты.

Басқа өңірлердің тұрғындары да Орталыққа қашықтан хабарласып, жобаға қатысу мүмкіндігін анықтап, ортезді тексеру және дайындау тәртібін алдын ала келісе алады.

Зертхананың жұмысын дамыту аясында 2026 жылы 500 жеке ортез, 2027 жылы 1 000, ал 2028 жылы 1 500 ортез дайындау жоспарланып отыр.

Зертхана Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 65 мекенжайында орналасқан.  Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив