Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

Президент: Стратегиялық жоспарларға ұлт бірлігі және қоғамның әлеуметтік іргетасы жеткізеді

Бүгін, 12:46

Тәртіп, жауапкершілік пен табанды еңбектің арқасында таяу уақытта ауылдарымыз бен қалаларымыздың келбеті түбегейлі өзгереді. Бұл жөнінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

Оның сөзінше, еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам баса отырып, бүкіл азаматтық инфрақұрылымды салу мен жаңғыртуға кірісіп жатыр. Алдағы бірнеше жылда құрылыс қарқыны республиканың барлық өңірін қамтиды.

— Біз автомобиль жолдарын, өнеркәсіптік және энергетикалық нысандарды, теміржолдарды, көпірлерді, инженерлік желілерді, гидротехникалық құрылыстарды, мектептерді, ауруханаларды, спорт кешендерін және, әрине, мәдениет нысандарын саламыз. Заманауи инфрақұрылым салу ондаған жаңа өндіріс орнын ашумен және, ең бастысы, халық игілігіне бағытталған цифрлық экономиканы дамытумен тығыз байланысты. Осылайша, тәртіп, жауапкершілік пен табанды еңбектің арқасында біз таяу уақытта ауылдарымыз бен қалаларымыздың келбетін түбегейлі өзгертеміз. Ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасын анағұрлым қуатты әрі тартымды мемлекетке айналдырамыз. «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, ар-ұжданымыз аясында еңбек етсек, алдымызға қойған барлық мақсатқа міндетті түрде жетіп, ұрпақтарымызға лайықты мұра қалдырамыз, — деді Президент.

Мемлекет басшысы тағы бір мәрте ұлт бірлігін, қоғамның әлеуметтік іргетасты нығайту керек екендігін айтты.

— Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер жағдайында біз ұлт бірлігін, қоғамның әлеуметтік іргетасын жан-жақты нығайтуымыз керек. Стратегиялық ой-ниеттеріміз бен жоспарларымыздың түпкілікті табысқа жетуінің кепілі — дәл осы. Осы жолды ұстансақ, Қазақстан әлемдік өркениеттің алдыңғы қатарынан лайықты орын алатынына сенімдімін, — деді ол.




Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив